"Қайрат" пен "Тобыл" жеңімпазды анықтай алмады

1438

Қазақстан Премьер-лигасының 18-тур ойындарынан кейін "Тобыл" турнирлік кестеде көшбасшылықты сақтап қалды.

"Қайрат" пен "Тобыл" жеңімпазды анықтай алмады

"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші турында "Қайратты" қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Кездесудің 23-минутында "Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначев есеп ашты. Бірақ 53-минутта Руслан Валиуллин таразы басын теңестірді. 66-минутта Раде Дугалич өз қақпасын дәл көздеп, "Тобылды" алға шығарды. 73-минутта Серікжан Мужиков алаңнан қуылды. Осыны пайдаланған Вагнер Лав үш минуттан кейін қанжығасын майлады.

"Тобыл" бұл ойыннан кейін 39 ұпаймен көш басында қала берді. Алматылық клуб 34 ұпаймен үшінші орында тұр.

"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші туры қарсаңында "Таразбен" кездесті. Матч Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Ойындағы алғашқы голды Мичуренков пенальтиден соқты. Ал 69-минутта Мирам Сапанов есепті еселеді. Араға екі минут салып Вячеслав Швырев матчтың нүктесін қойды.

Қоржындарына үш ұпай салған Влалимир Мазяр шәкірттері 28 ұпаймен қайтадан төртінші орынға көтерілді. Жамбылдық клуб 20 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші туры аясында "Тұранды" қабылдады. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Ойын толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. "Каспий" қарсыластар қақпасын сегіз мәрте дәл көздеген, ал "Тұран" үш рет гол соғуға тырысқан. Бір ұпайды қанағат тұтқан Срджан Благоевич шәкірттері 24 ұпаймен сегізінші орынын сақтап қалды. Ал түркістандық клуб 18 ұпаймен он екінші орында тұр.

Атырауда футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 18-тур матчы өтіп, жергілікті клуб қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. Кездесу 1: 1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері төртінші минутта есеп ашты. Голды Петр Гжельчак соқты. Думан Нарзилдаевтың дәл соққысының арқасында қонақтар 70 минуттан кейін жеңілістен құтылды. Осылайша "Атырау" турнирлік кестеде жетінші орынға көтерілді. Ал "Қайсар" 13-ші орында қала берді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу