"Қайрат" португалиялық ойыншыны жалға алды

281

27 жастағы футболшы сол қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайды. 

"Қайрат" португалиялық ойыншыны жалға алды Фото: Қайрат ФК

"Қайрат" футбол клубы польшалық "Заглембе" Любин клубының қорғаушысын алты айға жалға алғанын хабарлады.

Луиш Карлуш Машаду Мата Португалияның Порту қаласында дүниеге келген және аттас атақты клубтың ойыншысы. Ол 2006 жылдан 2017 жылға дейін "айдаһарлар" жүйесінде болды, 2019-2020 жылдары да сол клубта ойнады. "Портудың" екінші командасы сапында Португалия екінші дивизионында 62 матч өткізді. Сонымен қатар Луиш Мата португалиялық "Портимоненсе" мен испаниялық "Картахенаның" намысын қорғаған.
Соңғы жылдары Польша чемпионатында "Погонь" (2020-2023) және "Заглембе" (2023-2025) құрамында өнер көрсетті. Ол Польша Экстраклассасында жалпы 87 кездесу ойнап, 5 нәтижелі пас берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу