"Қайрат" әйгілі "Реал Мадридке" 0:5 есебімен жеңілді

517

UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турындағы "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы кездесу аяқталды.

"Қайрат" әйгілі "Реал Мадридке" 0:5 есебімен жеңілді Фото: dzen.ru

Матч Алматыда өтіп, қонақтар айқын басымдықпен жеңіске жетті.

24-минутта алматылықтардың жас қақпашысы Шерхан Қалмырза айып алаңында қателікке бой алдырып, аргентиналық Франко Мастантуоноға қарсы ереже бұзды.

Бас төреші Марко Гуида он бір метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді француз шабуылшысы Килиан Мбаппе мүлтіксіз орындап, есепті ашты – 0:1.

52-минутта мадридтіктер жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырып, Мбаппе дубльдің авторы атанды – 0:2.

74-минутта Арда Гүлердің әдемі пасынан кейін Килиан тағы бір рет қақпаны дәл көздеп, хет-трик жасады – 0:3.

83-минутта бразилиялық Родриго сол қапталдан пас шығарып, Камавинга төртінші голын соқты.

Қосымша уақыттың 90+3-минутында Браим Диас нүкте қойып, матчтағы соңғы голды соқты – 0:5.

Осылайша, "Қайрат" өз алаңында тәжірибелі испандық ұжымнан ірі есеппен ұтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу