"Қайрат" ресейлік қорғаушыны қатарға қосты

487

Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалды. 

"Қайрат" ресейлік қорғаушыны қатарға қосты Фото: Футбол Казахстана

"Қайрат" футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды сайты.

Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде "Тосно", "Рубин", "Нефтехимик" пен "Краснодар" командаларында өнер көрсетті. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.

2016 жылғы маусымды Сорокин "Ақтөбе" командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы "Елімай" болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.

Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.

Сонымен қатар жазғы трансферлік терезеде алматылық клуб келесі футболшылармен толықты: қорғаушы Александр Мартынович, Юг Станоев және шабуылдаушы жартылай қорғаушы Валерий Громыко.

Айта кетейік, соңғы матчта, 21 шілде күні "Қайрат" Лига кубогының топтық кезеңінің үшінші турында "Таразды" жеңіп (3:0) турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу