"Қайрат" сырт алаңда "Ақжайықпен" ұпай бөлісті

1787

Көшбасшылыққа үміткер болған алматылық клуб 4-тур ойындарынан кейін 3-орынға сырғыды.

"Қайрат" сырт алаңда "Ақжайықпен" ұпай бөлісті

Алматылық "Қайрат" Оралда "Ақжайықпен" тең түсіп, ҚПЛ-2022 аясындағы қатарынан екінші кездесуінде ұпай жоғалтты. Құрбан Бердыевтің шәкірттері турнир аутсайдеріне гол соға алмай, төрт турдан кейін сегіз ұпай жинады. Кездесудің 88-минутында "Ақжайық" ойыншысы Виталий Приндета екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан алматылық команда гол соға алмады. Нәтижесінде, Оралдағы Петр Атоян стадионында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. "Қайрат" үшін бұл қатарынан екінші тең ойын болды. Үшінші турда алматылықтар өз алаңында "Таразды" жеңе алмады (1:1).

"Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев ҚПЛ 4-туры аясында Оралда "Ақжайықпен" өткен матчтың сенсациялық нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

"Қайрат" турнирде көшбасшылыққа үміткерлердің бірі еді. Бірақ кездесуді он ойыншымен аяқтаған қарсыласына гол соға алмады (0:0). Мен күткендей матч қиын болды. Қарсылас басымдықты қолға алу күрес жүргізді. Мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмадық. Жазда бізде құрамға жас ойыншылар келді. Бірақ біздің жігіттер бәріне дайын. Ақырындап бәрін реттейміз", – деді Бердыев.

Ал "Тобыл" Қостанайда "Тұранды" жеңіп, төртінші турдан кейін Премьер-лиганың турнирлік кестесінде көш бастады. Алаң иелері кездесудің 19-минутында Зоран Тошичтің пенальтиден соққан голынан кейін есеп ашты. Екінші таймның басында Асхат Тағыберген (49-шы) супер гол соғып, командасының есептегі басымдығын нығайтты. Алты минуттан кейін "Тобылдың" капитаны айып добынан гол соғып, дубль жасады (3:0).

Айта кетейік, 4-турда "Ордабасыны" 2:1 есебімен жеңген "Каспийдің" де 10 ұпайы бар. Ақтаулық команда қазіргі таңда екінші орынға жайғасты. 8 ұпайы бар "Қайрат" үздік үштік қатарына ілікті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу