19 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымды "Мақтааралда" өткізген болатын. Ол Қазақстан чемпионатының 22 ойынына қатысып, 3 гол мен 2 голдық пас берген еді. Ғалымжан Қазақстан ұлттық құрамасының U-17, 19 сапында өнер көрсетіп үлгерген. Жартылай қорғаушы мен 'Қайрат" арасында мерзімі бітпеген келісімшарт бар. Атап өтсек, "Краснодар" РПЛ бірінші бөлігін 8 орында аяқтады. Ендігі олар, наурыздың 5 күні "Торпедоға" қарсы өз алаңында кездесу өткізбек.
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров "Ахматтың" ортақ тобына қайта оралды
Ота жасатқан Марат Быстров "Ахмат" сапын толықтырды. Ол грозныйлықтардың Түркиядағы жаттығу жиынына қосылған екен.
Марат ортақ топқа оралғанына қуанышты екенін жасырмады. Бұл үшін инстаграмға арнайы постта қалдырыпты. Еске салсақ, қаптал қорғаушы "Ахматта" 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келген еді. Өз отанында Марат "Тобыл", "Ордабасы", "Астана" клубтарында доп тепкен. Быстровқа отаны Сербияда жасады. Ойыншы қайта қалыпқа келгенше сол жақта болды.
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері "Ақтөбе" Милош Раиковичпен келісімге келіпті. 29 жастағы жартылай қорғаушы өз мансабында соңғы рет "Соннам" командасында өнер көрсеткен болатын. Бірақ, оңтүстік кореялық ұжым өткен маусым қорытындысы бойынша чемпионаттан ұшып кеткен еді. Футболшы "Ақтөбемен" Антальяда 1 жылға келісімге келген екен.
Милош Раикович Черногория ұлттық құрамасы үшін жалпы алғанда 14 ойын өткізіп үлгеріпті. Трансфермаркет футболшыны 350 мың еуроға бағалауда.
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малыйдың мансабы қайда жалғасатыны белгілі болды. Сергей "Тобылдағы" келісімшартын ұзартты. Бұған дейін ол, "Астанаға" кетеді деген ақпараттар қауөсет болып шықты. Ойыншы қостанайлық ұжымда 1 жылға тұрақтамақ ниетте. Малый "Тобыл" үшін өткен маусымда 23 ойын өткізіп, 4 гол салған болатын. Қорғаушы қостанайлық ұжымда 2020 жылдан бері доп теуіп келеді.