Бразилиялық шабуылшы соңғы үш маусымда "Қайраттың" басты қарсыластарының бірі испаниялық "Интер Мовистар" клубында ойнаған. Қазақстандық жанкүйерлер Гадейя 2017 жылы Алматыда өткен Еурокубоктің жартылай финалында испаниялық клуб алаң иелерін 3:2 есебімен ұтқаннан кейін есте сақтап қалды. Ал финалда "Интер" португалиялық "Спортингті" ұтып, сол ойында Бастезини есеп ашқан болатын. Нәтижесінде оның соққан голы испаниялықтарға жеңіс сыйлады.
Бір жыл өткен соң ¼ финалда тарих қайта қайталанды. "Интер" "Барселонаны" жеңіп, финалға жолдама алады. Ал шешуші кездесуде "Интер" "Спортингті" 5:2 есебімен ойсырата ұтып, ол ойында да Бастезини алғашқы голды соғады. Осы екі жеңістің арқасында бразилиялық футболшы Еуропа футзалында ең мықты футболшылардың қатарынан табылды. Сондықтан бразилиялық футболшының "Қайратқа" ауысуы Қазақстанның футзал тарихындағы ең ірі транферлердің бірі болады.
Естеріңізге сала кетсек, 31 жасар Гадейя Бразилия Ұлттық құрамасының ойыншысы. Ол "Интерден" бөлек 2012 -2013 жылдары өз елінде "Копагрил" және 2013-2016 жылдары "Интелли" клубтарында ойнаған. Сондай-ақ "Қайраттың" жаңа ойыншысы Испания чемпионатын екі рет жеңген. 2011 жылы Бразилия құрамасымен бірге Америка Кубогінде алтын медаль иеленді. Ал 2017/2018 жылы Гадейя Испания чемпионатының ең қымбат ойыншыларының біріне айналды. 2015 және 2018 жыл қорытындысы бойынша Әлемнің ең үздік үш футзалшысының қатарынан табылды.
"Гадейя алматылық клубтың ең маңызды бөлігі болары сөзсіз. Біз жаңа ойыншыны қарсы ала отырып, оған шын жүректен сәттілік және АФК "Қайрат" сапында тек қана жеңіс тілейміз!",- деген хабарлама алматылық клубтың ресми сайтында жарияланды.
Осы аптада Қазақстан футбол федерациясы 2019/2020 футзал маусымының қайта басталуы 2020 жылдың 1 тамызына ауыстырылды деп мәлімдеді. Сондықтан "Қайраттың" жаңа футболшысының дебюті жаздың соңғы айында болады.
Ермұхамед Мәулен