Кипрде өткен бірінші матч 1:1 есебімен аяқталған еді. Қарсыластардың алғашқы кездесуі сияқты, Қазақстандағы ойын "сары-қаралардың" жартылай қорғаушысы Оматайдың жылдам голымен басталды. Ол жеңіс голын соғып, командасын келесі кезеңге шығарды. Кипрде никосиялықтар жауапты голды бірден соққанымен, Алматының орталық стадионында олар бұл трюкті қолдана алмады. Командалар алаң иелерінің минималды басымдығымен үзіліске кетті. Екінші таймда қонақтар қанша тырысқанымен, есеп өзгермеді.
Кирилл Морунов шәкірттері келесі кезеңде ПАОК U19 – "Жилина" U19 жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Бұл командалар арасындағы алғашқы ойын 1:5 есебімен "Жилинаның" пайдасына шешілген еді. Екінші ойында да дәл сол сценарий қайталанды. "Жилина" командасы Чемпиондар лигасының бірінші турында грекиялық ПАОК командасын жалпы есепте 7:1 (5:1, 2:0) есебімен жеңді.
Енді "Қайрат" пен "Жилина" арасындағы алғашқы кездесу Словакияда 3 қараша күні, ал жауапты матч 24 қараша күні Алматыда өтеді. Екі команда арасындағы кездесудің жеңімпазы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған командалардың бірімен сынға түседі. Содан кейін плей-офф жеңімпазы 1/8 финалға шығады және оны Чемпиондар Лигасының сегіз топтағы жеңімпаз сегіз команданың бірі күтеді.
"Қайрат" U19: Сұлтанбек Досаханов (В) – Арсен Азатов, Әділет Садыбеков, Александр Широбоков, Александр Мрынский – Мирас Көбеев, Сағи Әнет (К), Мирас Оматай (Жаннұр Көкеев 73) – Нұргелді Төлеуханов (Саиф Попов 73), Әліби Мұхит (Әлішер Рахымжанов 49), Арсений Мелешенко (Роман Чирков 90+3);
Ермұхамед Мәулен