"Қайрат" ұпай жоғалтты

112

Алматылық клуб турнирлік кестеде 4-орынға сырғыды. 

"Қайрат" ұпай жоғалтты

"Жетісу" мен "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында тең түсті. Алматы қаласындағы "Хан-Тәңірі" стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Матчтың 65-минутында Луиш Мата алаңнан қуылғаннан кейін, "Қайрат" ойынды бір ойыншыға кем құрамда аяқтады.

Матч аяқталған соң алматылық клубтың бас бапкері ойынға қатысты пікір білдірді: 

"Матч алдында біз ойынды Орталық стадионда өткізуді ұсынған едік. "Қайрат" стадионды жалға алу шығындарының барлығын өз мойнына алуға дайын болды. Мұндай алаңда сапалы футбол көрсеткеннен гөрі, ойынды құрту оңайырақ. Бәлкім, қарсыласымыздың мақсаты да сол болған шығар. Менің түсінігімде, біз бәріміз еліміздегі футболды дамытуға ұмтылуымыз керек", - деді Рафаэль Уразбахтин. 

Алматылық клуб үшін бұл маусымдағы екі жеңістен кейінгі алғашқы тең ойын болды. Қазіргі таңда Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері 7 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ал талдықорғандықтар екінші рет тең түсіп, бір жеңіліспен 2 ұпай жинап, 13-орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу