"Қайрат" жаңа маусымға дайындықты бастады

634

Бүгін "Қайрат" футболшылары Алматыдағы клуб базасында жиналып, маусым алдында медициналық тексеруден өтті.

"Қайрат" жаңа маусымға дайындықты бастады

Команда алда күтіп тұрған "Брюгге" және "Арсеналға" қарсы маңызды кездесулерге дайындықты бастады.

Дайындық жоспарына сәйкес, 4 қаңтарда "Қайрат" 11 күндік оқу-жаттығу жиындарына Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады.

Жиын барысында команда бірнеше жолдастық матч өткізеді. 9 қаңтарда алматылықтар Әзербайжан чемпионатында жетінші орында тұрған "Нефтчи" клубымен ойнайды.

Ал 14 қаңтарда Хорватия біріншілігінде алтыншы орында тұрған әрі Конференциялар лигасының іріктеуіне қатысқан "Вараждинмен" кездеседі.

15 қаңтарда оқу-жаттығу жиыны аяқталып, команда елге оралады.

Чемпиондар лигасы аясындағы "Брюггеге" қарсы матч 20 қаңтарда "Астана Аренада" (20:30) өтсе, "Арсеналмен" ойын 29 қаңтарға қараған түні (1:00) Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу