"Қайрат" жастары сенсация жасады

135

Алматылық ұжым Дания жерінде "Копенгагенмен" тең тарқасты

"Қайрат" жастары сенсация жасады

"Қайрат" U-19 командасы УЕФА Жастар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында Данияның "Копенгаген" командасымен 2:2 есебімен тең түсті. 

Кездесудің 7-минутында Мансур Биркурманов есеп ашты. 24-минутта Дэвид Фримпонг есепті теңестірді. Алайда 30-минутта Рамазан Бағдат қазақстандықтарды қайта алға шығарды. Негізгі уақытқа қосылған үшінші минутта Фримпонг дубль жасап, матчтың нүктесін қойды - 2:2. 

Бұл нәтиже алматылық клубқа жалпы кезеңдегі алғашқы ұпайды алып келді.
9 желтоқсанда "Қайрат" U-19 Астана-Аренада Грекияның "Олимпиакос" U-19 командасын қабылдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу