Қақпашы Александр Заруцкий "Қайраттан" кетіп, "Ақтөбеге" барды

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы мансабын "Ақтөбе" футбол клубында жалғастырмақ.  

Қақпашы Александр Заруцкий "Қайраттан" кетіп, "Ақтөбеге" барды Фото: kazfootball.kz

Александр Заруцкийдің "Ақтөбеге" ауысуы жаңа маусым алдындағы ерекше трансферлерінің бірі саналып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ASnews.kz сайтының жазуынша, 32 жастағы тәжірибелі қақпашы алматылық ұжымнан кеткен соң "қызыл-ақтармен" келісімшарт жасасқан. Ол енді алдағы 2 маусымда батыстық клубтың намысын қорғайды. 

Бұған дейін Заруцкиймен семейлік "Елімай" клубының да белсенді келіссөз жүргізгені белгілі болды. Десе де, голкипер соңында "Ақтөбе" футбол клубының ұсынысын құп көрген. 

Өткен маусымда Александр Заруцкий "Қайрат" сапында барлық турнирде 24 матч өткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу