"Қайраттың" бас бапкері Анарбеков пен Заруцкийдің денсаулығы туралы айтты

Алматылық клубтың өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізді.  

"Қайраттың" бас бапкері Анарбеков пен Заруцкийдің денсаулығы туралы айтты Фото: fckairat.com

Онда бас бапкер Рафаэль Уразбахтин "Реал Мадридке" қарсы ойынның барысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, жарақат алған қақпашылардың жағдайы бірте-бірте қалыпқа келе жатыр.

– Темірлан Анарбеков емханадан шықты. Қазір базаға да келді. Бірақ ол аузын қатты аша алмайды, өйткені жағы таңылған. Алдағы күндері оны шешкеннен соң біртіндеп жаттығуға кіріседі. Оған орнатылған титандардың жазылғаны қажет. Дәрігердің айтуынша, реабилитация ойдағыдай өтіп жатыр.

Ал Александр Заруцкий бірнеше күннен кейін жаттығуға кіріседі. Сондықтан, алдағы уақытта оған да сенім артамыз. Шерхан Қалмұрза осы күні бізде негізгі қақпашы болып тұр. Дегенмен, тағы бірнеше жас қақпашымыз бар. 1-2 аптадан кейін барлығы сапқа оралады деп ойлаймын, – деді ол.

Бұған дейін спорт журналисі Жандос Айтбайұлы inbusiness.kz тілшісіне қазақ қақпашыларына сенім артылып, олар өзін дәлелдеп жатқанын айтып берген еді.

– Құралбек Ордабаевтан кейін жасыл алаңда қазақ қақпашылары көзге түсе алмай келген. Көзге түсе алмаған болғанда, дұрысы бапкерлер мүмкіндік бермей жүр еді. Осы жылы "Қайрат" қақпашыларының шеберлігіне тәнті болып жатырмыз. Яғни, бапкерлер сенім артса, біздің жігіттер де әлем мықтыларынан еш кем емес екенін көрсетіп жатыр. Доп ойнауда, қақпа күзетуде қазақ ұлдарының қолынан келетінін жастарымыз дәлелдеп берді, – деген еді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу