"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

1625

Алматылық "Қайрат" футбол клубы мен команданың бас бапкері Құрбан Бердыев келісім-шарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлады.

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді. Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы позициясында алматылық клуб жейдесінде 160 ойын өткізген.

90-жылдардың басында Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде "Қайратты" баптады. 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2021 жылы Бердыев Алматылық клубқа қайта оралды. Алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды. Кейін негізгі команданың бас бапкері атанды. "Сары-қаралар" Бердыевтың баптауымен алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті. Сонымен қатар Қазақстан кубогін жеңіп алды.

"Қайрат" футбол клубы Құрбан Бекиұлына және көмекшілеріне атқарылған жұмыс үшін шын жүректен алғыс білдірді және алдағы уақытта тек сәттілік тіледі. Ал бас бапкердің қызметіне кімнің келетіні әзірге белгісіз.

Бердыев 2021 жылдың қыркүйегінен бастап "Қайратты" баптап келді. Қазақстан премьер-лигасының ағымдағы маусымында алматылықтар 12 турдан кейін 16 ұпай жинап, сегізінші орында келеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу