Жиын барысында алматылықтар 4 жолдастық матчқа шығады. Алдымен 7 ақпанда 19:00-де Өзбекстанның "Пахтакор" клубына қарсы ойнайды.
Одан кейін 13 ақпанда Ресей Премьер-лигасының "Оренбург" командасына қарсы күш сынасады. Жиынның соңғы күні – 19 ақпанда ресейлік "Пари НН"-мен екі матч (13:00, 19:00) өткізу жоспарланған.
Белекте оқу-жаттығу жиыны 20 ақпанға дейін жалғасады. Клуб сапары тек физикалық дайындыққа ғана емес, тактикалық үйлесімділікті арттыруға да бағытталған.
Жиынға барлығы 26 ойыншы шақырылған. Соның ішінде 17 жасар шабуылшы Дастан Сәтпаев қайта құрамға қосылды. Ол ұзақ уақыт денсаулығына байланысты алаңға шықпаған еді.
Оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң "Қайрат" елге оралып, 28 ақпанда "Тобылмен" Қазақстан Суперкубогы үшін кездеседі. Матч "Астана-Аренада" 17:00-де басталады.