Қайсар Бекенов "Астана" клубының бас директоры болып тағайындалды

285

"Астана" футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман елордалық клубтың ұжымына бүгін жаңа басшыны таныстырды.

Қайсар Бекенов "Астана" клубының бас директоры болып тағайындалды Фото: ФК"Астана"

Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары клубта басшылық қызметте болып, елордалық клубтың алтын дәуірінде командамен бірге ел ішіндегі барлық трофейлерді жеңіп алды, сондай-ақ, еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізді.

"Астана" – Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда болды, сондай-ақ, Еуропа лигасының топтық кезеңінен плей-офф кезеңіне өткен алғашқы ұжым атанды.  

Өткен жылы Қайсар Бекенов клубта маркетинг және қоғамдық байланыстар бағытына жауапты болды.  

Бұған дейін "Астананың" бас директоры қызметін атқарған Ғазинұр Әлімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Астана" футбол клубының ұжымынан кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу