"Қайсар" ел чемпиондарымен тең ойнады

1720

Алматылық "Қайрат" Қазақстан чемпионатының 18-тур матчында қызылордалық "Қайсармен" тең ойнады. Кездесу "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

"Қайсар" ел чемпиондарымен тең ойнады

Алғашқы голды 45-минутта алматылық команданың қорғаушысы Сергей Кейлер соқты. 64-минутта Конрад Вжесиньски есепті еселеді. Ал "Қайсар" шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе 70-минутта гол салып, есеп айырмасын қысқартты. Иван Граф 89-шы минутта көзге түсіп, командасына бір ұпай сыйлады.

Кездесу аяқталған соң "Қайрат" турнирлік кестеде 45 ұпаймен бірінші орында қалды. "Қайсар" 21 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

Бұл ойын алматылық клубтың ел чемпионы атанғаннан кейінгі алғашқы матчы. Сонымен қатар бүгін "Қайрат" алаңға негізгі құраммен шыққан жоқ. Дегенмен алматылық клуб негізгі құрамның кейбір ойыншыларымен келісім-шарттарын ұзартуда. Олардың бірі Дино Миканович. Хорватиялық қорғаушының жаңа келісімшарты екі жылға есептелген. 26 жастағы ойыншы "Қайратпен" алғаш рет 2019 жылдың ақпанында келісімшартқа отырған болатын. Қазақстан Премьер лигасының ағымдағы маусымында ол 17 матч өткізіп, бес нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ алматылық клуб бразилиялық Вагнер Лавпен бір жылға, ал 28 жасар сербиялық қорғаушы Раде Дугаличпен екі жылға арналған келісім-шартқа қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу