Бұл келісімшарт Қазақстандағы киберспорттың даму динамикасына оң өзгерістер алып келуі тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазақстанның 6 дүркін жеңімпазы Нұрбақыт Мирғали ел чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда қызылордалық "Қайсардың" намысын қорғайды. Азияның мықты майталманы атанған Нұрбақытқа алдағы жарыстарда жанкүйер болуға шақырамыз! – деп жазды "Қайсар" футбол клубының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Нұрбақыт жуырда Сауд Арабияда өтетін әлем біріншілігінде бақ сынайды.
– Бүгінде бұл әлемдік тәжірибеде кең таралған. Мәселен, әйгілі Paris Saint-Germain клубы LGD Gaming ұйымымен біріккеннен кейін, Dota 2 аренасында сенсация жасап, әлемнің назарын өздеріне аударған еді. PSG.LGD атауы бүгінде киберспорт әлемінде брендке айналды. Бұл бірлестік – дәстүрлі спорт пен киберспорттың өзара тиімді симбиозының жарқын үлгісі. Сол секілді, "Қайсардың" бұл қадамы Қызылорданың ғана емес, бүкіл Қазақстанның киберспорттағы беделін арттыруға бағытталған. Нұрбақыт Мирғали – eFootball бойынша халықаралық деңгейде дәлелденген мықты ойыншы. Оның енді клубтық қолдауға ие болуы болашақта Қазақстандық клубтардың киберспорттағы толыққанды лигаларын қалыптастыруына жол ашады, – деп есептейді спорт журналисі Бағлан Аманжол.