Қызылордалық "Қайсар" футбол клубының басқаруы жекеменшікке берілді. Клубтың жаңа иесі – "Tau Group LTD" және бірқатар өзге компаниялардың басшысы Исламғали Қозбақов.
Жаңа қожайын алдағы уақытта жеке қаражаты есебінен құны 12 миллиард теңге болатын заманауи футбол академиясын салуды жоспарлап отыр.
Жергілікті спорт басқармасы жақын уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы жөнінде ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, клубтың жаңа иесіне қатысты қосымша мәліметтер де жарияланбақ.
Биылғы маусымда "Қайсар" 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға ие болды. Шектеулі бюджетке қарамастан, команда Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.
Бұл қызылордалықтар үшін жақсы жаңалық."Қайсар" ірі кәсіпкердің жауапкершілігіне өткен екінші клуб. Бұған дейін ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаев "Қайрат" клубын өз қарамағына алған болатын.