Клуб тізгінін ұстаған спорт маманы бұған дейін де бірқатар жауапты лауазымды атқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, "Мұз айдыны" ШЖҚ КМК мекемесіне "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" ЖШС қосу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты "Мұз айдыны" ШЖҚ КМК және "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" ЖШС директоры қызметіне Талғат Әбдіғаппарұлы тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Ол осы уақытқа дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының "Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру дене тәрбиесі клубы" ШЖҚ КМК директорының орынбасары және "№4 облыстық мамандырылған олимпиадалық резервтік балалар мен жасөспірімдер мектебі" КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары болған.
Сонымен қатар, "Ғани Мұратбаев атындағы стадион" КМҚК директорының міндетін атқарушы және директоры қызметтерінде болса, 2023 жылдан бастап "Мұз айдыны" ШЖҚ КМК директоры лауазымын атқарып келді.
Өз кезегінде Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, спортты дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірген.