"Қайсар" клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

2006

Команданы жергілікті маман жаттықтыратын болады.

"Қайсар" клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет "Қайсар" клубының жаңа бас бапкерін таныстырды. Енді қызылордалық "Қайсарды" жаңа маусымда жергілікті маман Сұлтан Әбілдаев жаттықтырады.

Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболшы. Алаңда жартылай қорғаушы қызметін атқарған. Мансабының басым бөлігін "Қайсар" футбол кубында өткізген. Тек 2002 жылы бір маусым "Атырау" командасында ойнаған.

Сұлтан Әбілдаев – "Қайсар" футбол клубының тарихында ең көп ойын өткізген футболшы. Қазақстан Ұлттық Құрамасының намысын қорғаған. 2005 жылы мансабын аяқтаған соң бапкерлік қызметке ден қояды. Алдымен футбол орталығында шәкірт тәрбиелеумен айналысса, 2009 жылы "Қайсар" командасын жаттықтырады. 2010 жылы бас бапкердің көмекшісі қызметін абыроймен атқарды.

2016 жылға дейін клубта түрлі бағытта қызмет атқарып, 2016 жылы "Қайсар" футбол клубында бас бапкер қызметіне тағайындалып, команданы Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарады. Сол жылы Бірінші лига арасында ең үздік бапкер атағына ие болды.

Бүгінде жергілікті жаттықтырушы өңір футболының дамуына үлес қосып келеді. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Байқоңыр" футбол клубының бас бапкердің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Айта кетейік, Сұлтан Әбілдаевқа жергілікті жаттықтырушылар Қанат Шерімбетов пен Ерлан Шойтымов көмек көрсетеді.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу