"Қайсар" "Ордабасының" тас-талқанын шығарды

2349

"Ордабасы" "Астананың" бүгінгі жасаған қателігін пайдалана алмады.

"Қайсар" "Ордабасының" тас-талқанын шығарды

Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан чемпионатының 19-турында қызылордалық "Қайсардан" оңбай ұтылды. Матч Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0:3 есебімен аяқталды. Ойынның есебін 52-минутта "Қайсар" қорғаушысы Иван Граф ашты. Кездесудің 66-минутында "Ордабасы" қорғаушысы Тимур Досмағамбетов алаңнан қуылды. Ал 69-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Араға 6 минут салып команда капитаны дубль авторы атанды.

"Қайсар" осы жеңістің арқасында 24 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. "Ордабасы" 27 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды.

Сондай-ақ бүгін қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 19-турында "Астананы" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды "Шахтер" ойыншысы Руслан Мингазов соқты. 24-минутта Сергей Зенёв командасының екінші голын соқты. Бір қызығы, екі гол да бір сценарий бойынша соғылды. 69-минутта Еркін Тапалов есепті 3:0-ге жеткізді. Ал "Астана" сапынан жалғыз голды соққан соңғы минутта Дидар Жалмұқан болатын.

Бұл жеңістен кейін "Шахтер" 26 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Бір ұпайы көп "Астана" төртінші орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу