"Бенфика" қақпашысы соңғы минутта "Реал Мадридке" гол соғып кетті

577

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы тур матчтары сәрсенбі күні өтті.

"Бенфика" қақпашысы соңғы минутта "Реал Мадридке" гол соғып кетті Фото: bbc.com

Кештің басты қаһарманы "Бенфика" клубының украиналық қақпашысы Анатолий Трубин болды.

Мадридтің "Реалымен" өткен кездесуде лиссабондықтар 3:2 есебімен алда тұрғанымен, бұл нәтиже командаға плей-оффқа шығу үшін жеткіліксіз еді. Сондықтан "Бенфикаға" тағы бір гол қажет болды.

Қосымша уақыттың 98-минутында айып добын орындау кезінде Анатолий Трубин шабуылға қосылып, баспен қақпаға дәл соққы жасап, шешуші голдың авторы атанды.

Бұл гол "Бенфикаға" турнирлік кестеде 24-орын алып, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Кездесуде "Бенфиканың" сол қапталдағы шабуылшысы Андреас Шельдеруп дубль авторы атанды. Ал мадридтік "Реал" матчты 9 ойыншымен аяқтады: қорғаушы Рауль Асенсио мен шабуылшы Родриго қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу