Қақпашылардың шеберлік сабағы

1557

Қазақстандық қақпашыларды дайындайтын жаттықтырушылар кәсіби білігін көтеру мүмкіндігіне ие болды.

Қақпашылардың шеберлік сабағы

УЕФА тарапынан мамандандырылған оқу процесін нұсқаушы Александр Вензел басқарады. Ол кезінде Чехословакия құрамасының, Францияның "Страсбург", Братиславаның "Слован" және басқа да футбол клубтарының қақпашысы ретінде беделге ие болған.

Семинарда Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының өкілдері және отандық бапкерлер болды. Ең алдымен үш бөлімнен тұратын "Goalkeeper-В" категориясы оқытылады. Әрі қарай үміткерлер "Goalkeeper-А" курсына түсе алады.

УЕФА вебинарына 24 тыңдаушы мен Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының бес нұсқаушысы қатысты.Семинарда қақпашылар дайындығының соңғы үлгілері айтылды.

"Вебинардың ең өзекті тақырыптарының бірі қақпашыларды алаңдағы ойыншыларымен біріктіру болды. Қақпашылардың командалық ойынын арттыру туралы айтып отырмыз. Енді қақпашылар шабуылды ұйымдастыра алатын ойыншы ретінде қаралады. Ол үшін қақпашылардың кәсіби деңгейі жоғары болуы шарт. Мысалы, олар қысқа және орташа пастарды жеткізіп, допты қабылдау және ұстап тұру шеберлігін арттырып, шыдамдылыққа көбірек көңіл бөледі. Басқаша айтқанда, олар қорғаныста ғана емес, шабуылды бастаудың жолын ашуға ұмтылады. УЕФА ұсынған бағдарламаның ішінде қақпашыларға арналған терең дәріс бар", - дейді Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу