Қалай инвестор атанып, байып кетуге болады?

Соңғы уақытта қазақстандықтар қаржылық сауат, өз қаражатыңды басқару, инвестиция салуға мән бере бастады. 

Қалай инвестор атанып, байып кетуге болады? Фото: canva.com

Дегенмен әлі де болса елімізде инвестиция трендке айналып үлгерді деп айтуға ерте. 

Инвестиция салатын өнімді дұрыс таңдау арқылы қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге, тіпті байып кетуге болады. Осы ретте инвестиция деген не? Инвестордың мақсаты қандай? Қай салаға инвестиция жасауға болады? деген өзекті сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Инвестия деген не?

Инвестиция – белгілі бір активтер мен мүмкіндіктерге ақша салу. Инвестиция салған кезде инвестор бола аласыз. Инвестордың мақсаты – біраз уақыттан кейін салынған капиталды қайтару және қосымша пайда табу немесе тұрақты шығындарды жабу үшін пассивті төлемдер ағынын жасайды.

Инвестиция әрқайсымыздың өміріміздің маңызды бөлігі бола алады. Ақша жинаудан гөрі инвестициялау тиімдірек Қаржылық жағынан табысты адамдарға тән бірнеше қағидалар бар:

  • Олар тапқаннан аз ақша жұмсауға тырысады;
  • Қарыздар мен несиелерден құтылады;
  • Қаражаттың бір бөлігін үнемдеп, жинақтайды, инвестициялайды.

Жинақтау арқылы көп нәрсеге қол жеткізе алмайсыз. Өйткені Trading Economics ресурсының деректері бойынша, әлемдегі елдердің 75% экономикасының дамуы инфляциямен қатар жүреді. Оның әсерінен ақша біртіндеп құнсызданады. Қазір миллион теңге жинап, оны "төсектің астына" қою тиімсіз. Жөндеу жұмыстарын жасау керек болғанда немесе үйге жаңа техника, жиһаз сатып алғанда, бір жыл уақыт ішінде миллион теңгенің құнсыз екенін біліп, таң қалып қалмау үшін кем дегенге депозитке салып, инвестиция жасау керек. 

Инфляция жағдайында уақыт жинақтағы ақшаға қарсы жұмыс істейді. Ақша неғұрлым ұзақ сақталған сайын оған аз тауар мен қызметті сатып ала аласыз. Инфляция ғана емес басқа экономикалық күштер ақшаны одан әрі құнсыздандыруы мүмкін. Бірақ алаңдаудың қажеті жоқ. Қаржылық табысты адамдардың табысты болу рецептісі ретінде инвестиция жасайтынын айтады.

Ақша сіз үшін жұмыс істейді

Салымнан табыс тауып табудың бірнеше жолдар бар. 

  1. Активтер құнының өсуі: акцияларды 25 доллардан сатып алып, 60 доллардан сатқанда, бір акциядан 35 доллар пайда табуға болады.
  2. Тұрақты төлемдер: депозит бойынша пайыздар сияқты.

Ұлттық банктің мәліметінше, қазақстандықтар депозиттерде 9,6 триллион теңгеден астам ақша сақтайды. Тағы 10 триллион теңгені компаниялар салған. Халық бұл құралмен жақсы таныс деп айту әділетті. Бірақ депозит – ең қарапайым инвестициялық өнім.

Ол жерде үлкен пайда көре қоймауыңыз мүмкін, бірақ ақшаны инфляция жеп қоймау үшін тиімді әдістердің бірі. Бірінші айда салымдар бойынша пайыздық сыйақы алуға болады. Содан кейін банктен алынған пайыздар жалпы сомаға қосылады және жаңа сыйақы бұдан да көп болады.

Осылайша, қаражат неғұрлым ұзақ жатса, соғұрлым жақсы табыс әкеледі. Депозитке ақша салуда тәуекел жоқ. Сол себепті де көп адамдар осы жолды таңдайды. Тек депозит – жалғыз және ең тиімді құрал емес. Валюталық депозиттер бойынша табыс табуды сәтті таңдалған инвестиция деп атай алмаймыз. Өйткені мұндай салым арқылы жылына 2% ғана ақша таба аласыз. Ал теңгелік салымдар бойынша ұлттық валютаның әлсіреу қаупі бар. Біз соңғы жылдары бірнеше рет девальвацияға тап болдық.

Сондықтан депозиттен бастау, тіпті болашақта қаражаттың бір бөлігін сақтау қалыпты жағдай. Бірақ инвестициялар үшін әлдеқайда тартымды түрлері бар. Кез келген кәсіп түріне инвестиция жасауға болады. 

Қайда инвестиция салу керек?

Оларға мыналар жатады:

  • Жер учаскелерін сатып алу;
  • Жалға беру немесе қайта сату үшін жылжымайтын мүлікті сатып алу: тұрғын үй және коммерциялық;
  • Бағалы металдарға немесе тастарға инвестициялар;
  • Коллекциялық заттар мен антиквариатты сатып алу;
  • Бизнесті құру және дамыту, дайын франчайзингтерді сатып алу;
  • Авторлық құқықтарды, патенттерді, лицензияларды сатып алу немесе тіркеу.

Мұның бәрі өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар мүмкіндіктер. Инвестиция жасардың алдында ескеретін жайт, инвестиция – тәуекел аймағы, сатып алған өнімнің бағасы қымбаттауы да, құлдырап кетуі де мүмкін. Инвестор болу арнайы білімді, дағдыларды, іскерлік шеберлікті қажет етеді. Әр адам инвестицияны өзі жақсы білетін салаға жасағаны жөн және көп энергия мен уақытты қажет етуі мүмкін. 

Инвестицияның тағы бір тиімді түрі – қаржылық инвестиция. Әлемдік қор биржаларында ірі компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алуға болады.

Бағалы қағаздардың негізгі түрлері және олар қалай жұмыс істейді:

  • Акциялар: Кез келген адам ірі компаниялардың үлескері бола алады. Компанияның бизнес үлесін сатып алады. Мәселен, Microsoft, Apple сияқты комапниялардың акцияларын енді ашылған кезде сатып алған инвесторлар қазір әлемдегі ең табысты адамдарға айналды. Іс өсіп, дамыған сайын акциялардың бағасы қымбаттайды. Американдық нарықтағы 4100-ден астам компания акционерлермен өздерінің таза пайдасын бөлісіп отырады. Акцияларға иелік ету үшін дивидендтер төлейді.
  • Облигациялар: Компанияға "қарызға" ақша беру. Бұл үшін компания инвесторға үнемі пайыздық сыйақы төлейді және инвестицияны алдын-ала белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті. Облигациялар қымбаттауы мүмкін және оларды сатуға болады. Одан қанша ақша таба аласыз?

Ұзақ мерзімді американдық акциялар нарығы жылдық 10% құрайды. Депозит бойынша 2%-дан гөрі жағымды. 1000 доллар инвестиция жасағандар бір жылдан кейін олар 100 доллар таба алады. Кейбір жылдары 20-30%-ға дейін өсуі мүмкін. Әсіресе, S&P 500 индексіндегі компаниялардың акциялары үнемі өсіп отырады. Көпшілігі АҚШ компаниялары.

Бұған Apple, Microsoft, Facebook, Disney және басқалары кіреді. Жеке акциялар бір жылда ондаған, тіпті жүздеген пайызға өсуі мүмкін. Мысалы, 2020 жылы Tesla электромобиль өндірушісі нарықтық бағалау бойынша планетаның ең ірі автоконцерні болды. Илон Масктың туындысы 83 жылдық тарихы бар жапондық Toyota компаниясын басып озды.

Бұл ретте Tesla акциялары жыл басынан шілдеге дейін төрт есеге өсті. Облигациялардың кірістілігі әдетте акцияларға қарағанда қарапайым. 

Инвестиция жасау үшін көп қаражат қажет пе?

Адамдар үлкен бастапқы капитал қажет деп ойлайды. Бірақ әркім инвестиция жасай алады. Инвестицияны бастапқыда аз сумадан бастауға болады.

Ол үшін көп ақша қажет емес. Басында бір акцияны сатып алудан бастауға болады. Американдық нарықта бір бағалы қағаз орташа есеппен 45 доллар тұрады.

Қазақстан қор биржасында бір данасы 2000 теңге тұратын акциялар бар. Halyk Bank-тің бір акциясы 116 теңге тұрады. Сондай-ақ 4 400-ден аз сомаға ондаған немесе жүздеген акцияларды бірден сатып алуға мүмкіндік беретін құралдар бар.

Аз мөлшерден бастаған жақсы, қалай жұмыс істейтінін көріп, түсініп алуға болады. Барлығын біліп алғаннан кейін көбірек инвестиция жасауға ауысуға болады. Аз-аздан инвестициялау жақсы стратегия. 

Ақшаны қайдан алуға болады?

Күнделікті тіршіліктен ауысқан аз ақша да алғашқыда инвестициялауға жеткілікті. Бірақ бұл артық ақша болуы керек, өйткені ол табыс табу үшін ұзақ уақыт жату керек. Сарапшылар инвестиция жасауға ақшаны несиеге алуға болмайтынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу