Камала Харис Трампты сынап, сөз сөйледі

359

Бұрынғы вице-президент Камала Харис Сан-Францискода сөйлеген сөзінде Дональд Трампты тарифтер, үкімет шығындарын қысқарту мен оның әкімшілігінің бастамалары үшін қатты сынға алды.  

Камала Харис Трампты сынап, сөз сөйледі Фото: www.washingtonpost.com

Мемлекеттік қызметке ұсынылған әйел демократтарды қолдайтын Emerge ұйымының 20 жылдығын тойлау шарасы Дональд Трамптың билік басындағы 100 күніне тұспа-тұс келді, деп жазады inbusiness.kz сайты Los Angeles times газетіне сілтеме жасап.

– Американың барлық азаматтары президенттің ақылға сыймайтын тарифтері күнделікті тұтынылатын бірінші кезектегі маңызды тауарлардың бағаларын өсіре отырып, жұмыскерлер мен олардың отбасыларын шығынға батырып жатыр, сондай-ақ азаматтардың өмір бойы жинайтын зейнетақы есептеріндегі қаржысы азайып, америкалық ірі және шағын бизнестің дамуына кедергі болды. Бизнес өкілдері қазір қызметкерлерді жұмыстан босата отырып, инвестициялық шешімдерді қабылдау жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр, – деді Камала Харис.

Оның сөзінше, америкалықтар бірлесе отырып, жұмыс істеуге, өз пікірлерін ірікпей айтуға дайын болулары керек.

Сөзінің соңында Харис: "Бұл біздің еліміз екенін естен шығармаңыздар. Ол Ақ үйдегілердікі емес. Ол халықтікі", – деді мінберде тұрып. 

Президенттікке Демократиялық партия атынан үміткер болған Камала Харис Ақ үйден кеткен соң көпшілік алдына сирек шығып, саяси белсенділігін төмендеді.

Дегенмен, демократтар Камаланы 2028 жылғы президент сайлауына бірден бір үміткер ретінде қарастырады. Ал, Харис саясатқа қайта оралып, өзінің кадидатурасын Калифорния губернаторы лауазымына ұсыну туралы ойланып жүр. 

Камаланың Трампты сынағанына Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стивен Чунг X сайтында: "Сәтсіз жеңілген адамның саяси тұңғиыққа түсіп бара жатқандағы сөзі", – деп жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу