ТАСС басылымының жазуынша, егер сотқа шақыруларды елемесе сот Илон Маскты қамауға алу туралы ордер сұрауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Егер тергеу аяқталғаннан кейін судьялар күдік элементтері Илон Маскты қылмыстық сотқа шақыру үшін жеткілікті келісілген айыптауларға айналатынына сенімді болса және ол шақыру қағаздарына жауап бермесе, оның сотқа келуін қамтамасыз етудің жалғыз жолы – Заңға сәйкес қамауға алу туралы бұйрық, – деді Париж прокуроры Лор Беко.
Қазіргі уақытта прокурор X-ке қарсы тергеу жалғасып жатқанын айтады. Оны 3 тергеуші судья жүргізеді. Ол сонымен қатар өз кеңсесі АҚШ Әділет министрлігінен осы тергеу бойынша түсініктеме беру туралы өтінішіне жауап алмағанын мойындады. Бірақ басқа істер бойынша АҚШ әділет жүйесімен ынтымақтастық жақсы жүріп жатқанына сендіріп отыр.
2026 жылдың ақпан айында Париж прокуратурасы X-тің Франциядағы кеңселерін Еуропалық полиция және Франция жандармериясының киберқылмыс бөлімімен бірлесіп тінту туралы жариялады. Agence France-Presse агенттігі бұл әлеуметтік желіге қарсы оның алгоритмдеріне қатысты шағымдардан соң 2025 жылдың қаңтарында басталған тергеуге қатысты екенін хабарлады. Бұл тергеу Холокостты жоққа шығаруға және жасанды түрде жасалған жыныстық бейнелерге қатысты материалдарды жариялағаны үшін кіріктірілген чатбот Grok-қа қатысты шағымдарға қатысты.
Жаза кеткен жөн, Париж прокуратурасы Маск пен X-тің бұрынғы бас директоры Линда Яккариноны 20 сәуірге белгіленген жауап алуға шақырған-ды. Әлеуметтік желі иесі жауап алуға бармады, сондықтан Париж прокуратурасы оған қарсы 7 мамырда алдын ала тергеу бастады.