Камиль Куруглиев финалда өзбек балуанына есе жіберді

211

Осы күндері Болгарияда еркін күрестен әлем чемипионаты өтуде. 

Камиль Куруглиев финалда өзбек балуанына есе жіберді Фото: UWW

Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев (92 кг) жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Болгарияның Самоков қаласында өткен финалда ол өзбек балуаны Шерзод Поеновпен күш сынасып, тартысты белдесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар: Едіге Қасымбек (125 кг) – алтын, Камиль Куруглиев (92 кг) – күміс, ал Нұрданат Айтанов (57 кг), Досжан Құл-Ғайып (74 кг) және Самир Дурсунов (97 кг) – қола жүлде иегері атанды.

20 жастағы Камиль Куруглиев 13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғайды. 

Куруглиев 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Айта кетейік, Камиль 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш дүркін Олимпиада қатысушысы (1996, 2000, 2004), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Магомед Куруглиевтің ұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу