Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 78 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан Камила жарысты екінші айналымнан бастап, Украина мен Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түсті.
Жартылай финалда Берліқаш польшалық Кинга Вольцшакпен белдеседі.
Ал, бүгін сынға түскен Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (екеуі де 100 келі) екінші айналымда жеңілісе, Дидар Хамза (90 келі) жұбаныш белдесуінде Грекия спортшысына есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы турнирді 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтағалы отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу