Ширек финалда 91 келіден жоғары салмақта бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесті. Жерлесіміз қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясов қазақстандық боксшыдан басым түсті.
Коңқабаев финалға шығу үшін кубалық Дайньеро Пероны жеңген америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте жеңілген спортшы қола медаль алады.
Тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Олимпиадалық турнирдің ширек финалында Аманқұл бразилиялық Эрберт Соузаға ұтылды. Бірінші раундта бразилиялық 2: 3 есебімен басымдық танытты, ал екінші кезең қазақстандықтың пайдасына аяқталды - 3: 2. Шешуші раунд тағы да бразилиялықтың пайдасына, 1:4 есебімен аяқталды.
Соынмен қатар бүгін сайысқа түскен Милад Карими еркін жаттығулардан Олимпиада ойындарында бесінші нәтиже көрсетті. Финалда қазақстандық 14133 ұпай жинады. Турнирде 14.933 ұпаймен израильдік Артем Долгопят алтыннан алқа тақса, ал екінші орынды чемпионмен бірдей нәтиже (14.933) көрсеткен испаниялық Райдерлей Запата иеленді. Қытайлық Сяо Руотен 14.766 ұпаймен қола медальді қанағат тұтты.
Айта кетейік, Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст. Енді Карими 3-тамыз күні гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады.
Ермұхамед Мәулен