Қанат Бозымбаев "Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді

339

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қанат Бозымбаев "Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2025 жылдың І тоқсанындағы Жол картасы аясында жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін қарау үшін Жобалық офис отырысын өткізді. 

Қазіргі уақытта Ұлттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық өзгерістер Мәжілісте қаралып жатыр.

Отырыс барысында қатысушылар заңнамалық бастамалар мен табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу жұмыстары туралы есеп берді.

Өткен тоқсанда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржылық оператор ретінде өз қызмет регламентін дайындады.

Сондай-ақ, салалар мен өңірлер бөлінісінде желілердің тозуын төмендету бойынша талдау жүргізілген. Ұлттық жобаға қатысатын өңірлердегі пилоттық кәсіпорындар да анықталды:

  • электрмен жабдықтау саласында – 18,

  • жылумен жабдықтау саласында – 19,

  • сумен жабдықтау бойынша – 24,

  • су бұру бойынша – 26 кәсіпорын.

Отырыста мердігерлерді ЕРС-келісімшарт арқылы іріктеу, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу нормалары және конкурстық рәсімдерге арналған бірыңғай электрондық платформаны әзірлеу мәселелері де қаралды.

Бұдан бөлек, Ұлттық жоба "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 19 жобасын қамтиды.

Отырыс соңында Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдарға бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды және осы жылдың жазында пилоттық жобаларды іске қосу үшін жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу