Қанат Ислам рингке қайта оралды

2686

Сенбі, 26 ақпан күні елорда уақытымен таңғы сағат 7:00-де қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британиялық Джеймс Килрэйн Келлиге (25-2, 10 КО) қарсы шаршы алаңға шығады. Кездесу Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өтеді. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте қарсыластар орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін таласады.

Қанат Ислам рингке қайта оралды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Исламды (28-0, 22 КО) қиын сынақ күтіп тұр. Латын америкалық ESPN басылымының журналисі Фернандо Барбоза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікірде екенін айтты.

Ол қазақстандық боксшының болашағы туралы айта кетті. Оның британиялыққа қарсы 10 раундтық жекпе-жегі 21 қаңтарда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтуі керек еді, бірақ Covid-19 жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты ол 25 ақпанға ауыстырылды. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша жекпе-жек 26 ақпан, сенбі күні таңғы сағат 07:00-де басталады.

"Қанат Ислам мықты әрі қауіпті боксшы мәртебесіне ие еді. Ол үлкен жекпе-жектерге біртабан жақын болды. Олимпиада жүлдесі мен мерзімінен бұрын жеңістерден кейін қарсыластары одан сескенетін. Өкінішке орай, жарақаттар мен басқа да кейбір мәселелер оның бокс шыңына шығуына кедергі болды. Менің ойымша, бұл жекпе-жек боксшының табысқа жетудегі соңғы мүмкіндіктерінің бірі. Оған тамаша жеңіске жету керек. Бірақ бұл оның қолынан келе ме деген сұрақ туындайды. Келли тәжірибелі боксшы. Ол өте белсенді және Қанатқа қарағанда жекпе-жекке дайын сияқты", – деді Барбоза.

29 жастағы Келли соңғы жекпе-жегін 12 желтоқсанда өткізіп, отандасы Гарри Мэттьюсті үшінші раундта (16-50-3, 2 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, 2015 жылы британиялық бірінші орта салмақта WBO әлем чемпионы атағы үшін Лиам Смитпен (30-3-1, 17 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

37 жастағы Қанат Ислам соңғы рет 2019 жылы ақпан айында Майамиде рингке шығып, жетінші раундта эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу