Қанат Исламның кешінде рингке кімдер шығады?

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3782

Қанат Исламның 5 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінде тағы тоғыз қазақ рингке шығады.

Қанат Исламның кешінде рингке кімдер шығады? Фото: inform.kz

Алдағы жұмада, яғни 5 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында көпшілік елеңдеп отырған кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл кештегі негізгі жекпе-жекте әлі ешкімнен жеңіліп көрмеген Қанат Ислам (25-0) WBO Inter-Continental белбеуі үшін доминикандық Хулио де Хесуспен (27-1) жұдырық түйістіреді.

Сондай-ақ, Мадияр Әшкеев NBA белбеуі үшін эстон Павел Семеновпен айқасады. Ал жеңіл салмақтағы Абылайхан Құсайынов армян Гарник Арутюнянмен NBA белбеуін сарапқа салады. Жалпы, бұл кеште 10 жекпе-жек өтіп, Қазақ елінің қайсар қырандары алыс және жақын шет елдерден келген боксшылармен кездеседі.

Осыған орай, 4 шілде күні Алматы қаласының Сейфуллин көшесі бойындағы "Мега Парк" сауда және ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу рәсімі мен баспасөз жиыны өтеді. Оған осы бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылардың бәрі де қатысады. Енді олардың бәрімен таныс болыңыздар. 

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу