Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге қалды

101

Боксшының айтуынша, 27 желтоқсанға жоспарланған бокс кешіне ол қатыса алмайды.

Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге қалды Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

– Құрметті жанкүйерлерім, 27-сі күні Алматыда өтуі тиіс бокс кешіне мен шықпаймын. Бұған бірқатар себеп бар, соның ішінде қарсыластарға байланысты мәселелер туындады. Егер бәрі ойдағыдай болса, жекпе-жек шамамен бір жарым айға кейінге қалады. Нақты күні белгілі болғанда міндетті түрде хабарлаймыз, – деді Қанат Ислам әлеуметтік желідегі парақшасында.

41 жастағы боксшы 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол 27 желтоқсанда Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығуы тиіс болған.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокста бірқатар жетістікке жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe титулдарының иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу