Қандай фильмдер ұлттық деп танылатыны белгілі болды

636

Фильмді ұлттық деп тану үшін ұсынылған өтінішті қарау мерзімі ұзартылады. 

Қандай фильмдер ұлттық деп танылатыны белгілі болды Фото: freepik

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта көрсетілгендей, сараптама кеңесі отырысының мерзімдері бойынша түзету енгізілуіне байланысты өтінішті қарау мерзімі ұзартылады. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш беруші уәкілетті органға ұсынған құжаттар келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Осыған дейін құжаттар 15 күн ішінде қаралатын.

Сонымен қатар ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша Сараптама кеңесі хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

"Мемлекеттік қаржылық қолдау есебінен шығарылған фильмдерге ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім киножоба өндірісін аяқтау жөніндегі Сараптама кеңесінің хаттамасы негізінде қабылданады", - делінген бұйрық жобасына берілген салыстырмалы кестеде.

Мәдениет және спорт министрлігінің қайта құрылуына байланысты ұлттық фильм куәлігін енді Мәдениет және ақпарат министрлігі береді.

Өтініш беруші фильмді ұлттық деп тану үшін уәкілетті органға бірқатар құжат ұсынады. Атап айтқанда, уәкілетті органның басшысының атына өтініш жолданады.

Өтініште келесі мәліметтер көрсетіледі:

- фильмнің атауы;

- фильмді шығарған ел;

- фильмді шығарушы - студия;

- фильмнің шыққан жылы;

- фильмнің форматы;

- фильмнің хронометражы;

- фильм серияларының саны;

- фильмнің жанры;

- фильмнің жас санаты;

- фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық шығарманың авторы) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесімен қоса;

- фильмнің продюсерлері;

- фильмнің тілі, фильмді дубляждау немесе субтитрлеу тілдері, немесе кадр сыртындағы аударма (олар болған жағдайда);

- өтініш берушінің деректемелері.

Егер фильм ҚР ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, ел үшін əлеуметтік-мəдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, əлеуметтік жəне имандылық проблемаларына, əлемдік тарих оқиғаларына арналса жəне халықаралық деңгейде Қазақстан имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алса;

- фильмдерді шығару, тарату жəне көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде 70 пайызын республика аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;

- Қазақстан Республикасының азаматы және ел аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;

- фильм авторларының құрамына Қазақстан азаматтары болып табылмайтын тұлғалар 50 пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.

Құжатты көпшілік талқылау 2 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу