Кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесті

1011

Ауыл тұрғындарымен жылы жүздесуде Қуаныш Жарманбекұлы әр ауылға, әр мекемеге барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жүрген топ мүшелерін таныстырып, мұндағы мақсатты түсіндірді.   

Кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесті

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыру айрықша маңызды деп санаймын. Шынтуайтында, мемлекеттік институттар ендігі жерде қоғамдық мүдделерден бөлек жұмыс істей алмайды, олардың қызметі толығымен азаматтарымыздың нақты сұраныстары мен талап-тілектеріне бағытталуы керек. Елдегі жетекші саяси күш ретінде "Nur Otan" партиясы осынау бағытта басты біріктіруші рөлін атқаруға тиіс.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру тобы Талдыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуге барды. Бұл топта –Кербұлақ аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Қуаныш Борманбеков, сайлауалды штабтың мүшесі Шалқыбай Төлегенов және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – Зәуре Ахметбекова, Азамат Үмбетов, Альфия Жақыпова, Әсем Ильясова бар.



Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Зәуре Ахметбекова "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының "Біз кәсіпкерлерді қолдаймыз" бағыты бойынша  аталмыш партия тек көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіруге ғана емес, қолданыстағы мемлекеттік қолдау және Атамекен АЭС-пен ынтымақтастық құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құруға жағдай жасайтынын, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша жыл сайынғы 5 жобадан кем емес жобаға субсидиялау және кепілдік беру, жыл сайын жаңа еңбек идеяларын іске асыруға кемінде 3 грант бөлу, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 50-ден астам қатысушыларға микрокредит беру, 2025 жылға дейін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша кемінде 2 басым жобаны жыл сайын қаржыландыру, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыру, бұл шаралар 2025 жылға қарай кәсіпкерлік субъектілерінің санын 3400-ге дейін, ал шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің санын 14 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Үмбетов "Nur Otan" партиясының халықтық партия екенін, елдің қамын ойлайтын, мұңын тыңдап, қолұшын созатын ірі партия екенін тілге тиек етіп, "еліміздің мәдениетті, өркениетті, болашағының кемелді болуын ойласақ, осы партияға дауыс берейік, ағайын" деп, ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Жиылғандар өздерін мазалаған көкейтесті сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. 

Аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Қуаныш Жарманбекұлы: "Тату елдің асары да, жасары да мол", "Ауызбірлігі бар ұлт - бекем ұлт" демекші, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамыз!" деп кездесуді қорытындылады. 

Азамат Талғатұлы қазақтың киелі домбырасының құлақ күйін келтіріп, "Гүлдариға" және "Теріскей" әндерін орындап берді. Ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, "Nur Otan" партиясын бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. 

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу