Канелло Головкинмен үшінші кездесуге шығады

3131

Мексикандық Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо шәкіртінің қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесуге шығуы мүмкін екенін айтты.

Канелло Головкинмен үшінші кездесуге шығады

Салмағын жиі өзгертетін Сауль Альварес өзінің негізгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы және WBA Super белбеуінің иегері. Альварестің GGG-мен үшінші мәрте кездесуі мүмкін деген сыбыс біраздан бері ел аузында жүр. Бірақ, Альварес Головкинмен енді  кездеспейтіні жайлы осыған дейін айтқан еді. Дегенмен, мексикалық бапкер жақында журналистермен кездесу барысында Канелоның IBF/IBO иегері Геннадий Головкинмен биылғы жылы күзде үшінші мәрте кездесуі бек мүмкін екендігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, қарсыластардың екі кездесуі 2017 және 2018 жылдары қыркүйек айында өткен. "Біз үшінші жекпе-жекке қарсы емеспіз, неге өткізбеске? GGG орта салмақ бойынша чемпион, керемет боксшы. Біз дайынбыз. Бірақ, мамыр айында "Канело" басқа біреумен жекпе-жекке шығады. Ал қыркүйек айында кездесуі мүмкін. Головкин салмағын көбейтуіне немесе өз салмағында қала беруіне де болады. Бірақ, біз шаршы алаңға шыға береміз", - деді Рейносо. Бапкердің айтуынша Головкин соңғы кездесуінде, яғни украиналық  боксшы Деревянченкомен өткен кездесуде шаршап қалғанын байқаған. Ол мұны тұмаудың кесірінен деп түсіндірді.

2017 жылы Канело мен Головкин алғашқы кездесуі тең болып, даумен аяқталған. Ал 2018 жылы екінші кездесуде төрешілердің шешімімен Канело жеңіске жетті. Соңғы кездесуден кейін Канело Головкинмен тағы да кездесудің мәні жоқ деді. Былтыр күзде Головкин төрт титулдың екеуін қайтарып алған болатын. Енді Головкин IBF белбеуін қорғап қалу үшін міндетті түрде поляк Камил Шереметамен көктемде кездесуі керек. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 11-сәуір күні Чикагода өтуі мүмкін. Поляк боксшысының бапкері ресейлік Фёдор Лапиннің айтуы бойынша шәкіртінің бұл сында жеңіске деген мүмкіндігі бар екенін айтты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу