Канело GGG-мен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті

2114

Енді трилогияның тағдырын Головкин шешеді.

Канело GGG-мен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті

ESPN инсайдері Майк Коппинжердің хабарлауынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Канело Альварес биылғы жылдың қыркүйек айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге келіскен. Канелоның бірнеше таңдауы болды. Олардың арасында америкалықтар Джермалл Чарло мен Дэвид Бенавидес те бар еді. Бірақ Альварес бұл ақпаратты жоққа шығарды. Коппинжердің мәліметінше кездесулердің қай күні өтететіні де белгілі. Енді мексикалық боксшы Геннадий Головкиннің жауабын күтуде.

"Канело Альварес DAZN PPV үшін Matchroom-мен 7 мамырда Димитрий Биволға және 17 қыркүйекте GGG-ге қарсы өтетін екі келісімге келді. Бивол келісім-шартқа қол қойды. GGG әлі келіскен жоқ. Ол әлі де кейбір мәселелердің шешуге тырысуда. GGG келісім-шартқа қол қойған бойда мәміле аяқталады. Оған дейін ешқандай келісім болмайды. Бірақ сәуір айында Головкинге алдымен Жапонияда Риота Муратаны жеңуі керек", – деп жазды Коппинжер өзінің Twitter парақшасында.

Ал Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек екінші немесе тоғызыншы сәуірде өтеді деп күтілуде. Боксшылар орта салмақтағы үш белбеу – IBF, IBO (Головкиннің иелігінде) және WBA (қазіргі уақытта Мұратқа тиесілі) белбеуін сарапқа салады. Наурыз айында Головкин карантиннен өту үшін командасымен Жапонияға аттанады. Сондықтан оның GGG трилогиясына қатысуы туралы шешімі ақпан айының соңына дейін қабылдануы керек. Өйткені қазақстандық боксшы келісімін бермесе, Канело-Бивол жекпе-жегінің өтуі екіталай. Себебі Канелоның келісім-шарты бойынша ол екі кездесуді де өткізуі тиіс. Ендеше Головкиннің рингте өзімен кездесуден ұзақ уақыт бойы жалтарып жүрген Канелоны біраз қобалжытуға мүмкіндігі бар.

Кәсіпқой бокстан IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) 2021 жылдың желтоқсан айында жапониялық WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуі тиіс еді. Бірақ Жапонияда коронавирустың өршуіне байланысты кездесу кейінге шегерілді. Енді жекпе-жектің сәуір айында өтетіні белгілі болды. Ал Головкин командасымен бірге дайындықты бастап кетті.

"Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Жуырда Жапонияда өтетін айқастың нақты күні айтылады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз", – деп жазды Головкин. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу