Канело Головкинге айып тақты

1809

Головкин мен Канело трилогия алдында кездесті.

Канело Головкинге айып тақты

Бүгін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 2018 жылдың қыркүйегінен бері бірінші рет бетпе-бет кездесті. Боксшылар үшінші жекпе-жекке арналған баспасөз туры аясында Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатына қатысып, көзқарастар дуэлін өткізді. Боксшылар Бір минуттан астам бір-біріне көз алмай қарады.

Ал баспасөз мәслихатында Канело күтпеген жерден Головкинді екі жүзді деп оған тіл тигізді.

"Бұл мен үшін жеке мәселе. Біреу мен туралы айтса, мен шыдай алмаймын. Головкин екі жүзді адам. Ол өзін жақсы жігіт етіп көрсетеді. Бірақ шын мәнінде олай емес. "Иә, мен жанкүйерлерімді қуантқым келеді" деген сияқты нәрселерді айтып, содан кейін басқа жерде ол мен туралы жаман сөздер айтады. Мен оның мансабын аяқтайтын боламын және нокаутқа түсіретініме сенімдімін. Тек сол үшін ғана рингке шығамын", – деді Канело.

"Мен бұл сұрақты жеке бастың мәселесі деп ойламаймын. Біреудің мені жақсы немесе жаман адам деп қабылдауын өзгертуге тырыспаймын. Бір нәрсе айтқым келеді. Мен ештеңені жеке басқа қабылдамаймын, мен бокстасуға шығамын. Мен үшін бұл тым басқа дүние. Егер ол менің жеке басыма қатысты ойлап алғаны болса, ол өзінің жеке мәселесі. Бұл оның өз қорытындысы. Мен оның ойын қалай өзгертемін? 17 қыркүйекте жекпе-жектен кейін қолымды көтеру үшін көп нәрсе істеу керек. Жаңа салмақ? Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болады. Көптеген әлем чемпиондары осындай жағдайларға тап болады. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, өзімді көрсетемін. Канелоны спорттағы жетістіктері үшін құрметтеймін. Ол бокстағы нәтижесі құрметке лайық. Өйткені мен бокстың жанкүйерімін. Біз екі жекпе-жек өткіздік. Кездесуден кейін біз құшақтасып, қол алыстық. Ол мені көп нәрсе айтты дейді. Мен бірдеңені дұрыс емес әлде әдеттен тыс бірнәрсе жасадым ба? Ол туралы жаман сөз айтатындай себеп жоқ", – деді Головкин.

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте орта салмақ бойынша өтеді. Кездесу алдыңғы екі жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында ұйымдастырылмақ. Бірінші кездесу тең аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу