Қаңтар-маусым айларында БЖЗҚ-тың таза инвестициялық табысы 267,2 млрд. теңгеден асты

18582

2016 жылдың 1 шілдесінде зейнетақы активтерінің қоржыны 6,22 трлн. теңгені құрады. 

Қаңтар-маусым айларында БЖЗҚ-тың таза инвестициялық табысы 267,2 млрд. теңгеден асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есепті ұсынды.

Қоржынның құрылымы келесі кезекте ұсынылған:

Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздары (МҚҚ): олардың қоржынындағы үлесі 44,07%-ды, БЖЗҚ қоржынындағы МҚҚ төлеудің орташа өлшенген табыстылығы есептік кезеңде жылдық  12,5%-ды құрады.

Шетел мемлекеттерінің МҚҚ: олардың көлемі бірінші тоқсанмен (еске сала кетсек, 2016 жылдың 1 сәуірінде шетелдік мемлекеттердің МҚҚ үлесі 0,85%-ды құраған болатын) салыстырғанда өсіп 289,29 млрд. теңгені (үлес 4,65%) құраған.

Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары (ХҚҰ): олардың БЖЗҚ қоржынындағы үлесі  2016 жылдың I тоқсанында 1,41%-дан 1,37%-ға дейін азайған.

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің депозиттері: депозиттердің қазіргі құны 429,1 млрд. теңгені құрады. Қоржындағы депозиттер үлесі 2016 жылдың 1 сәуірінде 5,57 %-дан 6,89%-ға дейін өсті. Депозиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме- жылдық 15,44% болды.

Қазақстан эмитенттері корпоративтік облигацияларының ағымдағы құны 2016 жылдың 1 шілдесінде БЖЗҚ қоржынында 107,73 млрд. теңгені (үлес 1,73%) құрады. II тоқсан барысында Қазақстан эмитенттері корпоративтік облигацияларының 5,28 млрд. теңге сомасындағы негізгі қарызын төледі. II тоқсанда корпоративтік облигациялар сатып алынбады. Сәуір-маусым айларында БЖЗҚ қоржыны құрылымындағы жекелеген топтарға Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің облигациялары бөлінді.

Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары: олардың БЖЗҚ қоржынындағы бағасы 10,65% үлестік пайдамен 663,19 млрд. теңгені құраған.

Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің облигациялары: олардың БЖЗҚ қоржынындағы бағасы 24,36% болды, ал ағымдағы бағасы – 1 трлн. 516,37 млрд. теңге.

2016 жылдың 1 шілдесінде шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларының қазіргі күнгі бағасы 149,8 млрд.теңгені құраған және олардың қоржынындағы үлесі I тоқсанда 2,78%-дан 2,41%-ға дейін азайған.

Сонымен қатар, БЖЗҚ қоржынына шетелдік эмитенттердің (0,7%) PPN (құрылымдық ноталары), ҚР эмитенттерінің депозитарлық қолхаттары (1,79%) мен акциялары, шетелдік эмитенттердің депозитарлық қолхаттары (0,26%) мен акциялары  кіреді.

"Жалпы қоржынның құрылымы сәйкес табыстылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза инвестициялық табыс сомасы 267,21 млрд. теңгені құрады",- деп БЖЗҚ баспасөз хабарламасында көрсетілген.

Саян Абаев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу