Канвон-2024: Қола медаль үшін кездесудегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

650

3х3 хоккейден Қазақстан құрамасы Канвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жартылай финалдық кездесуін сәтсіз өткізіп, Латвиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. 

Канвон-2024: Қола медаль үшін кездесудегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды Фото: Olympic.kz

Жасөспірімдер Олимпиадасының 3х3 хоккей турнирінің жартылай финалдық матчында Қазақстан құрамасы турнирлік кестенің көшбасшылары – Латвия құрамасымен кездесті. Қарсылас іріктеу кезеңінен жеңіліссіз өтіп, бұл ойында алғашқы минуттардан-ақ басымдылыққа ие болды. Нәтижесінде латвиялықтар бірінші кезеңде бірден 9 гол соқты. Екінші кезеңде қос команда екі гол соқса, үшінші кезеңде Латвия өкілдері 19:6 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңіліске қарамастан Рамазан Хайдаров шәкірттерінің қола жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар.

Ал 3х3 хоккей турнирінің екінші жартылай финалында Қазақстан құрамасының үшінші орын үшін кездесудегі қарсыласы анықталды. Дания құрамасы Аустрияны 5:3 есебімен жеңіп, финалға шықты. Осылайша ертеңгі қола жүлде үшін матчта хоккейшілеріміз Аустриямен сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде жеті ойын өткізді. Нәтижесінде 12 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.  Хоккейшілеріміз Польша, Қытай Тайпейі, Испания және Ұлыбритания құрамаларын тізе бүктіріп, Латвия, Аустрия және Данияға есе жіберді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу