Жеңілгенді жер көтереді: Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда сүрінді

1011

Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды.

Жеңілгенді жер көтереді: Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда сүрінді Фото: Olympic.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда сүрінді. Енді ол қола медаль үшін сынға түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықты.

Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу