Капустин Яр полигоны Ресей Федерациясы министрлігіне тиесілі аймақ. Қазіргі таңда полигонда Ресей қарулы күштерінің қорғаныс және шабуылдау жүйелері сынақтап өткізіліп жүр.
Билік қабылдаған құжатта 2020 жылдың желтоқсан айына дейін полигонның "107" деп аталатын алаңында "Восход" зымыран-ғарыш кешенінің құрылғылары мен жабдықтары жойылатыны жарияланған. Бұлар осы күнге дейін "Космос-3М" және К65М-Р зымыран-тасығыштарын ұшыру мақсатында қолданылып келген. Ал алдағы уақытта түрлі сынақтардан зардап шеккен аймақ қалпына келтірілетін болады.
Айта кетейік, бұл жұмыс "Роскосмос" корпорациясымен келісімге отырған ғылыми-өндірістік көлік құрастыру ұйымына тапсырылды. Үкімет полигонды жою және қалпына келтіру жұмыстарына 187 миллион рубль бөлмек.
1961 жылдан бастап 2008 жылға дейін Капустин Яр полигонынан 106 ғарыштық құрылғы орнатылған 101 зымыран ұшырылған. Ал "107" алаңынан "Космос-3М" және К65М-Р деп аталатын 27 зымыран сынақтан өткізілді.
Табиғат Нұрболат