"Қарабах" "Челсимен" тең түскен футболшыларына қомақты қаржы тағайындады

Әзербайжанның "Қарабах" футбол клубы Чемпиондар лигасының төртінші турында ағылшынның "Челсиімен" тең ойнап, (2:2) сенсация жасады.   

"Қарабах" "Челсимен" тең түскен футболшыларына қомақты қаржы тағайындады Фото: thescottishsun.co.uk

Осы кездесу үшін команда ойыншыларына көп көлемдегі сыйақы берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Publika порталы клуб басшылығы бұған дейінгі берген уәдесін орындап, тең нәтиже үшін шамамен 65-70 мың манат көлемінде сыйақы берген. Ал жеңіс жағдайында әр футболшыға 120 мың манаттан төленетіні айтылған болатын.

Десе де, бұл жолғы ойын барысы мен футболшылардың жанкештілігі клуб жетекшілігіне ерекше әсер қалдырған. Басшылық тең есепті жеңіске бергісіз нәтиже ретінде бағалап, сыйақы көлемін арттырған. Соның нәтижесінде, ойыншылардың әрқайсысы 80-90 мың манат шамасында сыйақы алған.

Айта кетейік, "Қарабах" биылғы маусымда Чемпиондар лигасында 2 мәрте жеңіске жетті. "Бенфикамен" ойындағы жеңіс үшін әр футболшы 100 мың манаттан, ал "Копенгагенмен" кездесудегі табысы үшін 70 мың манаттан алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу