“Қарабах” клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

208

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 36 команда сынға түседі. Оның ішінде алматылық  “Қайрат” клубы да бар.  

 “Қарабах” клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

Әзербайжанның “Қарабах” клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Венгриялық “Ференцварошқа” қарсы жауапты ойында 2:3 есебімен жеңілгенімен, сырттағы 3:1 есебіндегі жеңістің арқасында жалпы қарсыласты басып озды.

“Қарабах” іріктеуді екінші кезеңнен бастап, Ирландияның “Шелбурн” және Македонияның “Шкендия” клубтарын жарыстан шығарып, төрт ойында да жеңіске жетті.

Өткен маусымда “Қарабах” Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап, 36-орынды иеленді. 8 турда бір ғана жеңіске қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу