Қарағандыда баланы өлтірген күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

4006

Айыпталушыға үкімді алқа билер соты шығарды.

Қарағандыда баланы өлтірген күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Сот барысында Игентай Сопыжановты екі полиция қызметкері қолынан басып ұстап тұрды. Бұған дейінгі соттарда күдікті бір рет мойнына қаламсапты тығып жарақаттаса,екінші сотта тырнағымен мойнын осып жіберген. Сопыжанов "тергеуші қысым көрсетті" деп осылай өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Айыпталушы өзінің ісін алқа билер соты қарасын деп өтініш білдірген болатын. Бүгін алқа билер соты үш жастағы жазықсыз нәрестенің өмірін қиған айыпталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкімді естіген айыпталушы Игентай Сопыжанов сотта "Аллаһ атымен ант етемін, сіздер шындықты естіген кезде бұл қылықтарыңа өкінетін боласыңдар" деп айқайлады .

"Оның орны түрме ғана, енді өмір бойы сонда отырып зардап шексін, бар шындық сотта айтылды", – деп мәлімдеді баланың анасы Ника Васильева.

Еске сала кетсек, Игентай Сопыжанов 2019 жылы 5 қыркүйекте Шет ауданы Бұрма ауылында танысы Ника Васильеваның ұлын қолынан жұлып алып кеткен. Айыпталушы кейін баланы ұрып-соғып, мерт қылған.

Игентай Сопыжанов 2014 жылы жақын қарым-қатынаста болған танысы Ника Васильеваның анасының әпкесін өлтіріп, тоғыз жылға сотталған. Кейін оның жазасы алты жылға қысқарып, өтелмеген екі жыл уақыты бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. Осылайша6 Игентай Сопыжанов жазасын өтеп жүргенде, екінші рет кісі өлтірді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу