Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы бойжеткен суға батып кетті (Видео)

3129

Дауыл кезінде өңірдегі бірнеше ғимараттың шатыры құлаған.

Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы бойжеткен суға батып кетті (Видео)

Кеше Қарағанды қаласында секундына 21 метр жылдамдықпен жел соқты. Кейбір аумақта желдің жылдамдығы бұдан да қатты болған. Қас қағым сәтте соққан дауыл қайғылы жағдайға да алып келді. Топар су қоймасында үрілген матрац үстінде отырған 2001 жылғы тұрғынды жел жағадан әрі қарай ұшырып әкеткен. Кейін құтқарушылар оның денесін судан алып шықты. 

Дауылдан кейін коммуналдық сала мамандары мен апаттық бригадалар желдің салдарын жою үшін қызу жұмысқа кірісті. Қатты соққан дауылдың кесірінен тоқ сымдары үзіліп , Қарағанды қаласының орталық көшесінде  және Михайлов, Оңтүстік Шығыс, Октябрь аудандарында электр жарығы сөніп қалған. Сонымен қатар, Қарағанды қаласындағы бірнеше ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры құлаған.

"Аян", "Норма" сауда үйлерімен , "Мирас" бизнес орталығының шатырлары ұшып кеткен. Дегенмен төтенше жағдай қызметінің есебі бойынша , 4 мектептің, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 4 бизнес нысандарының шатыры құлаған. Бұдан бөлек Мақажанов атындағы медициналық орталықтың , "Луч нейрореабилитациялық орталық" , Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының , Полиция департаментінің емдеу мекемесінің және Саран қаласындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ ғимаратының Осакаров ауданындағы мәдениет үйінің шатыры желмен бірге ұшқан. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен тұрғындар да бар.

Орталық базардың алдындағы жолда , қатты дауыл тұрған кезде жолаушыны көлік қағып кеткен. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ дүкеннің шатырынан ұшқан шифер бір тұрғынның үстіне құлап, жарақат алған. Бүгінде апатты бригада тоқ сымдарын қалпына келтіру үшін жұмысқа кіріскен. Мамандар Михайлов, Федоров,  аудандарымен қоса қаланың орталық көшесіндегі тоқтың дүйсенбі күні таңертең жанатынын мәлімдеп отыр.

"Қатты дауылдың салдарынан электр сымдары үзіліп кеткен, авариялық қызмет дереу арада  тоқты жөндеуге кірісті. Оңтүстік - Шығыс , Октябрь аудандарындағы және  Сұрыптау станциясымен Пришахтинскінің кейбір бөлігіндегі электр сымдары қайта қалпына келтірілді . Электр энергиясыз қалған ауруханалар авариялық нысаннан тоқ алу жүйесіне көшті",- деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласынан өзге Абай және Бұқар жырау ауданындағы жеті елді мекенде тоқ сөніп қалған.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу