Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті энергетикалық нысандарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дрондарды пайдалану электр беру әуе желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, түтін мұржаларын және басқа да қолжетімділігі қиын учаскелерді көзбен шолып тексеруге мүмкіндік береді.
Аэрофото және бейнетүсірілім жабдықтардың техникалық жай-күйін егжей-тегжейлі бағалауға, ақаулар мен ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ тексеру нәтижелерін кейінгі талдау үшін тіркеуге мүмкіндік береді.
Заманауи технологияларды қолдану мемлекеттік энергетикалық бақылаудың жеделдігі мен тиімділігін арттырып, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.