Қарағандының тумасы Әзербайжанға алғашқы алтынды сыйлады

505

Әзербайжан намысын қорғаған Хидаят Гейдаров дзюдодан 73 келі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандының тумасы Әзербайжанға алғашқы алтынды сыйлады Фото: azerisport.com

Ол ақтық сында Джоан-Бенджамин Габпен (Франция) кездесіп, басым түсті.

Осылайша, Әзербайжан тарихындағы 8-ші Олимпиада чемпионы атанды.

Айта кетейік, Хидаят Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. 3 жасқа толғанда отбасымен бірге Бакуге қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу