Карантиннен кейінгі алғашқы жеңіс

1703

"Барыс" СКА-ны соңғы бес жылда алғаш рет жеңді.

Карантиннен кейінгі алғашқы жеңіс

Жексенбіде "Барыс" екі аптаға созылған карантиннен кейінгі алғашқы матчын өткізді. Бір күн бұрын барлық ойыншылар сынақтан өтті. Сондықтан айдынға ең мықты деген құрам шықты. Генрик Карлссон қақпадан орын алды. "Барыс" бірінші үзіліске таяу екі рет гол соқты. Антон Сагадеев бірінші болып шайбаны қақпаның бұрышына бағыттады. Ал кезеңнің соңғы минутында Даррен Диц Михаил Бердиннің қақпасынан саңылау тапты.

Алайда екінші таймда СКА-ның белсенді жастары басымдылықты қолға алып, "Барыс" қақпасына бір гол соқты. Гол авторы Иван Морозов. Үшінші таймда тәжірибелі Тимкин есепті 2:2-ге дейін жеткізіп, ойынды теңестірді. Кездесу овертаймға ұласты. Содан матчтан кейін бірнеше мәрте қақпаға шайба бағытталды. Алаң иелеріне бұл тұста сәттілік жолдас болды. Роман Старченко, Никита Михайлис және Кертис Волк өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, есеп  3:2 жетті.

"Барыс" сейсенбіде Екатеринбургке жол тартады. Елордалық клуб жергілікті "Автомобилистпен" кездеседі. Матч 7 қазанға жоспарланған.

Осылайша, "Барыс" СКА-ны соңғы бес жылда алғаш рет жеңді. Қазақстандық клуб бұған дейін 2015 жылдың 28 қазанында (4: 2) жеңіске жеткен болатын. Содан бері Санкт-Петербургтің клубы үздіксіз қатарынан тоғыз ойында жеңімпаз атанған.  
 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу